Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

NCOC компаниясы: Қашаған кен орнындағы мұнай-газ құбырлары тотықпайды

AstanaTV
18.03.2016ж. 20:00
2167
NCOC компаниясы: Қашаған кен орнындағы мұнай-газ құбырлары тотықпайды

Солтүстік Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнында төселіп жатқан құбырлар адамзатқа көп жылдар бойы қызмет етпек. Өйткені олардың ішкі қорғанысы тотығуға қарсы, демек құбырлар шірімейді. Бұл жайында бүгін NCOC компаниясының атқарушы директоры қоғамдық тыңдауда айтты.

Бруно Жардэн, NCOC компаниясының басқарушы директоры:

Құбыр желісін егжей-тегжей зерттеу үшін компания қомақты қаржы жұмсады. Тотығу құбырдың жарылуына алып келді. Құбыр желісі мұндай ортаға бейім болмай шықты. Консорциум бұл мәселенің қайталанбауы үшін аймақтың табиғи ерекшеліктеріне сай материалдан болу керектігі туралы шешім қабылдады. Ішінде қорғаныс қабаты бар, сыртқы тотығудан қорғайтын құбыр пайдаланылады. Енді бұдан былай мұндай  проблема болмайды.

Ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдерінің пікірінше, Қашаған жобасында түйіткілді мәселелер көп. Экологиялық ұйым жетекшісі Галина Чернова мәселе құбырдың тотығуында емес деген ойда.

Галина Чернова, экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының директоры:

Химик ғалымдардың айтуынша, түйіршікті гидранттың пайда болуы құбырдың жарылуына алып келген. Құбыр құрлықта жарылды. Тотығуға теңіздегі құбыр ұшырауы керек еді. Бұл жұртшылыққа күмән туғызады. Екіншіден, жоба ескі, демек жабдықтары да ескірген. Біз жобаның экологиялық жағынан хабарсызбыз. 2003 жылдан бері итбалықтар, бекіре балығы қырылып жатыр. Құжатта апаттардың қауіп-қатері айтылмаған. Халықаралық тәжірибеде мұндай жоба А санатына, яғни ерекше қауіпті санатқа жатады. Ал ол құжатта көрсетілуі тиіс. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ