Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Газға 100 пайыз төлем жасау мәселесі қаралады

AstanaTV
09.06.2017ж. 18:50
1819
Газға 100 пайыз төлем жасау мәселесі қаралады

Газдың ақшасын 100 пайыз алдын ала төлеу мәселесі Астанада өтетін «ҚазтрансгазАймақ» пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының  бірлескен жиынында талқыланады. Бұл туралы Астана арнасына Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының  өкілдері хабарлады.

Әлия Бекқожиева, Атырау облыстық аймақтық кәсіпкерлер палатасы тіркеу кеңесінің жетекшісі:

"ҚазТрансГазАймақтың" басшылары біздің Астанадағы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшыларымен кездеседі. шешімін табады деп есептеймін.

 Бұл мәселе кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің отырысында қайта қозғалды. Аталған проблема атыраулық бизнесмендерді бірнеше жылдан бері қажытып келеді. Мұны ұлттық палата өкілдері де растап отыр. Ережеге сәйкес, «ҚазтрансгазАймақ» компаниясымен келісім-шарт жасасқанда сатып алатын газ құны толық өтелуі тиіс. Ал монополисттер бұл «ТеңізШевройл» серіктестігінің талабы деп ақталды. Шикізатты мұнай компаниясынан толық мөлшерде құнын төлеп қана, ала аламыз деп отыр. Кәсіпкерлер төлемнің мұндай әдісін қайта қарастыруды талап етеді. Қаржылық қысылтаяң кезде әлі алмаған газ үшін 100 пайыз ақы төлеу бизнесмендерге ауыр тиюде.  

Рахметолла Дәулетов, кәсіпкер:

Договоры бола тұра, профтехтың тоже договорым бар рұқсатсыз, ескертусіз кесіп кетіпті. Сол жұмысым тоқтап тұр. Ущерб бар, бәріміз газға тәуелді болып қалдық қой.