$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астана теміржол вокзалы ЕХРО қонақтарын қарсы алуда

AstanaTV
09.06.2017ж. 18:50
2524
Астана теміржол вокзалы ЕХРО қонақтарын қарсы алуда

Ал қала әуежайы мен теміржол вокзалдары қазір күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Аталмыш орындар тәулік бойы ЕХРО деп, "екі өкпесін қолына алып келгендерді" құшақ жая қарсы алып жатыр. Дәуренбек Бақдәулетұлы туристтермен жүздесіп, жоспарларын білген еді.

Астана вокзалында қарбалас.  ЕХРО қонақтарын қарсы алу шаралары басталып та кеткен мұнда. Еліміз бен алыс жақын шет елдерден келіп жатқан қонақтар жылдың басты жаңалығын өз көзімен көруге асық. Олар Қазақстанның жас та әсем Ел ордасына ағылып жатыр. МҰндағы жұрттың бірі жақындарын тосып алып жатса, енді бірі ЭКСПО ға билет сатып алмақ.

ЕХРО-ға қош келдіңіздер! Дәл осындай жазба қазір қаланың көптеген орындарынды ілініп тұр. Ал, темір жол вокзалы қызметкерлері атаулы күнге айрықша дайындалғанын айтады. Ескі ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қонақтардың қауіпсіздігі үшін, толағай жұмыс атқарылған Әр бекетте тексеру аппараттары орнатылған.  Әрбір залда қауіпсіздік қызметкерлері жіті бақылау жасауға көшіпті.

Толқын Әзімбаева, Астана ТЖ вокзалы басшысының кезекші көмекшісі:

Жолаушылардың саны азайған жоқ. Жаңа вокзал ашылса да, біздің жолаушылар ЭКСПО ға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатыр.Ол біздің оқушылар келуде экскурсия жасап, студенттер, жақсы жағдайлар жасалған, көптеген туристтер келеді. Өзім аусыммен істегендіктен білем, күндіз де түнде тоқтамайды халық.

Ал, Татьяна отбасымен бірге Ресейдің Челябі қаласынан келіпті.  Саяхат жасағанды жаны сүйетін олар әлем елдеріннің жартысына жуығын шарлап шыққанын айтады. Биыл жас әрі жедел дамып жатқан Қазақстанның Астанасын,ондағы ЭКСПО көрмесін  көргіміз келді дейді. 

Татьяна Стритович, ресейлік турист:

Қазақ елінің қонақжайлығы туралы ғаламтор беттерінен оқып алдық та, Қазақстан қайдасың деп тартып отырдық. Мұндағы жетістіктерді өз көзімізбен көрсек дейміз. Барлық ноу-хауларыңызды, көрмелеріңіздің кереметін тамашалауға асықпыз.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Қалалық такси жүргізушілері де қазір адам қарасының көбейгендерін айтады. Маусым айынан бастап жүргізушілердің рейстерінің көлемі екі есеге артыпты. Бәрінен де жолаушылардың бақ қонған Елорданы таңдай қағып тамашалайтыны қуантады дейді. Сондай-ақ туристтер өз елдеріне керемет әсермен қайтатынына сенімі мол.