Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астанаға ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне аймақтардан делегаттар аттанды

AstanaTV
09.06.2017ж. 18:50
3578
Астанаға ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне аймақтардан делегаттар аттанды

ЕХРО-2017 көрмесіне аймақтардан делегаттар аттанып жатыр. Қызылорда облысынан барлығы 36 адам поезбен жолға шықты.

Тарихи маңызы бар халықаралық шараны көру - үлкен мәртебе. Адамзатқа беймәлім болып келген керемет жаңалықтардың ашылуына куә болып, жаңа әлемді өзіне ашып, білу - кез-келген адамның арманы, дейді олар. Сәті түссе, шетелдік меймандармен тілдесіп, туған жері туралы әңгіме айтуға дайын.

Жолы түсіп, ЭКСПО-ға жолдама алғандардын бірі - Нәзипа Орынбаева, Қызылорда су жүйесі мекемесінде отыз жыл еңбек еткен. Халықаралық көрмеге осы күнге дейін қырық мыңнан астам қызылордалық билет сатып алыпты.

Нәзипа Орынбаева, Қызылорда қаласының тұрғыны:

Сыр өңірінің халқын осы ЭКСПО көрмесін көруге шақырамын.

Жандос Тұсмағамбетов, Қызылорда облыстық ақпараттық ресурстық орталықтың директоры:

Барлық қатысушыларға ақ жол тілейміз. Аман-есен көрмені тамашалап, өздерінің әсерлерімен келіп, отбасы мүшелерімен бөліседі деген ойдамыз.

Ақтаудан тұрмысы төмен отбасыларының балалары бас қалаға жол тартты. Жас өрендер жылдын ең манызды оқиғасының куәгері болмақ. Көрмені 1700 жасөспірім тамашалайды. Елордада олар 3-4 күн саяхаттауды жоспарлап отыр.

Ақжол Әзербай, оқушы: 

Ол жердегі озық технология, сосын жаңа инновациялық техникаларды көруге асығып бара жатырмын.