$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Елімізде тіркелген жеңіл өнеркәсіп орындарының тек 58 пайызы жұмыс істеп тұр

AstanaTV
09.06.2017ж. 18:50
3428
Елімізде тіркелген жеңіл өнеркәсіп орындарының тек 58 пайызы жұмыс істеп тұр

Қазақстанда 1534 жеңіл өнеркәсіп орындары тіркелген. Оның 20-сы ірі, 35 -і орташа және 1479-ы кішігірім. Олардың тек 58 пайызы ғана жұмыс істеп тұр. Сәйкесінше, отандық өндіріс ошақтарының үлес салмағы небәрі 0,6 пайызды құрайды. Бұл шетелдік компанияларға тиімді.

Астанада өткен жеңіл өнеркәсіпті дамыту тақырыбынғаы халықаралық конференцияда өзекті тақырыптар көтерілді. Мемлекеттік өкілетті органдар мен кәсіпкерлер палатасы,отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысқан басқосуда жетістіктер мен кемшіліктер қатар айтылды. Егер жеңіл өнеркәсіпті дұрыс жолға қоя білсе мемлекеттік бюджетке кіріс тұрақты болады, жұмыспен қамту мәселесі де шешіледі,-дейді мамандар. Жиын барысында бірнеше меморандумға қол қойылды.

Сәуле Шауенова, ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары одағының басшысы:

Жеңіл өнеркәсіп саласына мүлде қолдау жоқ деп айта алмаймыз. Тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Бұл салаға алдымен төмен пайызбен берілетін қомақты қаржы керек. Ол ақша бірден ақтала қоймауы мүмкін. Бірақ, жұмыс дұрыс жолға қойылса өз жемісін береді. Арнайы білім алған мамандар тапшы. Конструктор, сәнгер, технолог сияқты.Тағы бір мәселе шикізат. Оны біз шетелден алатын болсақ, заттың бағасы қымбаттайды. Жеңіл өнеркәсіп қашанда сұраныста болатын сала. Осыны ескеру керек.