Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Нұр Отан» партиясы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне билеттер ойнатты

AstanaTV
09.06.2017ж. 18:50
4441
«Нұр Отан» партиясы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне билеттер ойнатты

Павлодарда «Замандас» ардагерлер клубының, Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының өкілдері мен оқушылар үшін бірегей шара ұйымдастырылды. Оны «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалы өткізді. Бағы жанған 10 адам «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет алса, он үміткер хостелде тегін тұру мүмкіндігіне ие болды. "ЭКСПО-ға дейін бір күн" акциясы халықаралық көрмені үгіттеуге негізделген. Екі жарым айға жалғасты. Оған жергілікті тәртіп сақшылары, туристік фирмалар өкілдері мен әуе тасымалдаушылары шақырылған. Басты мақсат Елордада жоспарланған бағдарламалар тізімімен таныстыру. Акция 5 мыңдай адамды қамтыды.

Абылайхан Боранжан, 10 сынып оқушысы:

Республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері ретінде мен ЭКСПО-ның ең басты маңыздылығын түсінемін. Осы ЭКСПО-ға бару біз үшін өте үлкен қуаныш.

Партияның облыстық филиалында өткен жиында мемлекет қаржысының игерілу жайы талқыланды. Облыстық мәслихат депутаттары жүргізген мониторингке сай, тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылым жүйесіне 6 млрд теңгедей қаражат бөлінген. Бірқатар нысанда белгіленген кестеден ауытқу байқалған. Салаға жауаптылар кәсіпорын жетекшілерінің босаңсуға болмайтынын айтты.