Спорт Қазақстан
$457.61 €493.07 ₽4.99
×

Санатына сай келмейтін үйлерді жарнамалап, сатуға тыйым салынды

AstanaTV
24.03.2016ж. 20:00
1005
Санатына сай келмейтін үйлерді жарнамалап, сатуға тыйым салынды

«Қоғамдық тамақтану орындарының ас мәзірінде тағамның құнарлылық деңгейі көрсетілсін». Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң жобасын Сенатта таныстырған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа депутаттар осындай ұсыныс білдірді. Яғни  тамақ құрамында ақуыз, май, бояғыштар мен қоспалардың қанша екені жазылуы тиіс. Ал министр мұндай нормалардың қаралып жатқанын айтты. Яғни алдағы жылы заң жобасында қаралатын өзгерістерге енуі мүмкін.

Тағы бір жаңалық, санатына сай келмейтін баспаналарды жарнамалап, оларды сатуға да тыйым салынбақ. Заң жобасы мұны да қарастырып отыр. Яғни тұтынушыларды алдап, эконом санаттағы үйді премиум немесе люкс деп көрсетіп алдап сататындар үшін заң қатайтылды. Сенаторлар өндірушіден тұтынушыға жеткенше бағасы екі есе өсіп кететін тауарлармен күрес шараларын да сұрады.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Шаруалар етті 600-700 теңгеден кг өндіреді. Базарда, маркеттерде 1200-2000 тг дейін, құс фабрикасы 10-18 тг өндіреді жұмыртқаны, базарда бғаға 40 тг дейін өседі. Арада ешқандай қосымша шығын жұмсамай, еңбек етпей, баға екі есе өсіп кетеді. Бұл да тұтынушылар құқы. Осы мәселе заңда қалай қаралады?

Министр бағаны өсірмеу үшін нақты қандай шаралар атқарылғанын айтпады. Тек заңға енетін келесі өзгерістерде қарастырамыз деген қысқа жауап қайырды.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бағаларды өсірмеу үшін, облыс-аудандарда жұмыс өтіп жатыр. Екінші заңға қарайтын жұмыс соның ішінде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ