$498.69 €522.23 ₽5.79
×

Қызылорда – Ақтөбе бағытында 4 жолақты күре жол салынады

AstanaTV
25.02.2025ж. 22:00
63
Қызылорда – Ақтөбе бағытында 4 жолақты күре жол салынады

Биыл Қызылорда – Ақтөбе бағытында 4 жолақты күре жол салынады. Қос облысты байланыстыратын автожолды бірінші санатқа ауыстыру – көптің көкейінде жүрген мәселе, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасыратыны жоқ, жол апаттарының жиілеуі де жұртшылықтың үрейін үдетіп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң, жобаны жедел іске асыру жайы қолға алынып, қала маңында айналма жолдың құрылысы басталған. Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 464 шақырым жол 1-санатқа ауысады. Оның ерекшелігі сол, екі бағыттағы трасса арасында 25 метрлік кеңістік болады. Мұндай жол салу тәжірибесі елімізде алғаш рет іске аспақ.

 «Бірініші кезең бойынша Қызылорда қаласының айналма жолын салу жобасының техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алынды. Жоба құны – 46,3 млрд теңге. Мамырда басталады. Қызылорда – Сексеуіл автомобиль жолы қыркүйек – қазан айларында басталады деп отырмыз. Бұл жол ерекшелігі Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. 4 жолақты болғанмен екі жолдың ортасында 25 метр кеңістік болады. Бір біріне жақын орналаспайды жол бойында апаттық жағдай аз болады деп болжап отырмыз, – деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов

Сонымен қатар, аймақ үшін маңызды жоба Қызылорда – Жезқазған бағытындағы жолдың облыс аумағындағы бөлігі де биыл толық аяқталмақ. Былтыр мұндағы 151 шақырым реконструкцияланса, биыл тағы 65 шақырым жол салынады.