$520.93 €609.07 ₽6.68
×

7 жасар баласын аясыз ұрған әйел аналық құқығынан айрылуы мүмкін

AstanaTV
09.06.2017ж. 18:50
2374
7 жасар баласын аясыз ұрған әйел аналық құқығынан айрылуы мүмкін

Оңтүстікқазақстанда өз баласын аяусыз ұрып-соққан әйел аналық құқығынан айрылуы мүмкін. Ордабасы аудандық білім бөлімі кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер жөніндегі комиссияға осындай ұсыныс берді.

Майхан Нақыпов, Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы:

Егер баланың денсаулығы жақсарып келген кезде біз комиссияда қайта қарап, соның ұсынысы негізінде сотқа өткіземіз материалды. Соған сотта қарап, ананы құқынан айыру жөнінде шешім шығарып, сол екі ортаға дейінгі аралықта бала бейімдеу орталығында бола тұрады да, сот процесі біткен соң баланы балалар үйіне өткіземіз. 

Ауыр соққы алған  7 жасар балақай ауруханада әлі де тиісті емін қабылдап жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты екенін айтқан дәрігерлер алдағы аптада ауруханадан шығаратынын хабарлады. Еске салайық, ол мұнда Ордабасы аудандық ауруханасынан ауыстырылған. Емдеу мекемесіне мамырдың 2-сі күні ауыр жағдайда жеткізілген бүлдіршіннің дене жарақатынан бөлек күйік белгілері болған. Бұл азаптау фактісі орын алғанын білдіреді деген қорытындыны полицейлер де растаған-ды. Іске қатысты тағайындалған сот-медициналық сараптамасы әлі дайын болған жоқ. Ішкі істер қызметінің өкілдері соның негізінде науқас баланың анасына жаза қолданылатынын айтады. Осы жәйтке байланысты «қасақана адамды ұрып-соғу, дене жарақатын салу» бойынша қылмыстық іс қозғалған.