Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Нұр Отан» партиясы өкілдері тұрғындарға ММС жүйесінің маңыздылығын түсіндірді

AstanaTV
09.06.2017ж. 18:50
1964
«Нұр Отан» партиясы өкілдері тұрғындарға ММС жүйесінің маңыздылығын түсіндірді

Тобыл өңірінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қағидалары халыққа түсіндіріліп жатыр. Ақпараттық науқанға «Нұр Отан» партиясының өкілдері атсалысуда. Қоғамдық қабылдау бөлмесі ақпараттық жұмыстарын Федоров ауданында өткізді. Медициналық сақтандыруды енгізу тетіктері туралы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтып берді. Тегін емделетін санатқа қандай адамдар жататынын түсіндірді. Жаңа жүйенің артықшылығы сөз болды. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу арқылы - қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізіп, қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеміз.

Ғазиз Бекмұхамедов, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып ауқымды ақпараттық- түсіндіру  жұмыстары жүріп жатыр.Тұрғындар тарапынан қойылатын сұрақтар аз емес. Әйтсе де  тұрғындардың басым бөлігі  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы  хабардар.