Тобыл өңіріндегі тоғандарда балық қырылып жатыр. Мамандар шұғыл аэрация жұмыстарын жүргізу керек деп отыр. Облыс көлемінде 8 мыңнан астам су айдыны болса, 218-і заңды тұлғалар еншісінде. Су қоймаларының басым көпшілігі аэрация шаралары жүргізілмейді. Соның салдарынан балыққа қауіп төнуде.
ЖАСҰЛАН МҰХАМЕДЖАНОВ, ТОБЫЛ-ТОРҒАЙ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Балыққа қырылып қалу қаупі төніп тұр. Ауа жетіспейді. Әсіресе таяз, суы аз өзен-көлдердегі жағдай күрделі.
Инспекцияның облыстағы су қоймаларын толық қамтуға қауқары жетпейді. Сондықтан кәсіпорындардың көмегімен, су астына ауа жіберу жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет өзеніндегі аэрация шаруасына тау-кен өндіріс ошағы,жастар ресурстық орталығы, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері тартылып отыр.
СЕРГЕЙ КИМ, КӘСІПОРЫН ЭКОЛОГЫ:
Аэрациядан бөлек әр көктем сайын шабақтарды жібереміз. Себебі кәсіпорын тау-кен өндірісіне Әйет өзенінің суын пайдаланады. Әлеуметтік жауапкершіліктен тыс экологиялық та міндетіміз бар. Айта кету керек, бұл акцияны өз еркімізбен жылда ұйымдастырамыз.