$498.69 €522.23 ₽5.79
×

«СӨЙЛЕ» тілдесу клубы арқылы қазақша үйренетіндер көбеюде

25.02.2025ж. 20:00
63
«СӨЙЛЕ» тілдесу клубы арқылы қазақша үйренетіндер көбеюде

«СӨЙЛЕ» тілдесу клубы арқылы қазақша тіл сындырған оралдықтардың қатары көбейген. Мемлекеттік тілді насихаттап жүрген жастардың айтуынша, олардың арасында аға буын өкілдері де бар. «СӨЙЛЕ» тілдесу клубы «Жастар Рухы» Жастар қанатының «Менің елім – менің тілім» жобасы аясында ашылған. Бүгінде бұл жоба еліміздің барлық аймағында жұмыс істейді. Мақсат - азаматтарға қазақша еркін сөйлеуді меңгерту. Сонымен қатар клуб мүшелері қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен де таныса алады. Бүгінде клубта 30-дан астам қазақ тілін қызығушылықпен үйреніп жүр.

ДАНАГҮЛ ӨТЕГЕНОВА, «СӨЙЛЕ» ТІЛДЕСУ КЛУБЫНЫҢ ВОЛОНТЕРІ:

Бізге келіп білім алып жатқан, қазақ тілін үйреніп жатқан жандар еркін, дүкендерде, барған жерлерінде, қоғамда өзінің ойын еркін жеткізе алады. Қазақ тілінде кәдімгідей сөйлесе алады. Бұрын олар қазақша тіпті "сәлеметсіз бе", "рақмет" деген сөздердің мағынасын түсінбеуші еді. Ал қазіргі таңда олар өздерінің ойын еркін жеткізе алады. Қызығушылықтары өте жоғары, кейбір адамдар сабақты қалдырмай келеді.

Ал Алматыда «Сөйле» клубында 70-ге тарта өзге ұлт өкілі қазақ тілін үйреніп жүр.

«Сөйле» тілдесу үйірмесі 3 жылдан бері жұмысын тыңғылықты атқарып келеді. Сабақ аптасына екі рет 2 сағат бойы өтеді. Ал дәрісті украин ұлтының өкілі Анастасия Юрьевна жүргізеді. Бұл жолы қатысушылар «Қазақшаңыз қалай?» интерактивті ойыны арқылы тіл және салт-дәстүр, ырым-тыйымдарға қатысты білімдерін тексеріп көрді. Апталық сабақтың кезекті қонағы ретінде кәсіби күресші, MMA чемпионы Дуглас Рибейро мен блогер, полиглот, композитор Абдул Керім келді. 

ДИДАРБЕК ДІЛДӘБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жерде ешқандай студенттер болмаса жас мектеп оқушылары емес, барлығы үлкен жастағы азаматтар да бар, осы қаламыздың тұрғындары бар, өз еріктерімен келіп жатыр. Басым көпшілігі орыс ұлтының өкілдері бар, бүгін енді жапон ұлтының өкілі де келіп жатыр. Енді қазақша үйреніп жататын болсам, Жапонияға қайтпаймын, Қазақстанда қалам деген сияқты мәселелерді де айтып жатыр.