$439.37 €498.6 ₽5.22
×

Жәрдемақы енді тек шын мұқтаждарға төленеді

AstanaTV
29.09.2026ж. 19:00
Жәрдемақы енді тек шын мұқтаждарға төленеді

Елде әлеуметтік көмек көрсету жүйесі қайта қаралып, жаңа реформа жүргізілмек. Енді мемлекеттік қолдау азаматтардың нақты мұқтаждығына қарай тағайындалады. Жоспар бойынша 36 әлеуметтік төлемнің 14-і атаулы жүйеге көшіп, әкімдіктер беретін 13 түрлі көмек төрт санатқа бөлінбек. Әлеуметтік төлем жүйесіндегі өзгерістерді Айғаным Тұрысбек түсіндіріп береді.

Жаңа жүйенің енгізілуіне әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде анықталған заңбұзушылықтар түрткі болды. Тексеріс кезінде мүгедектікті жалған медициналық құжаттар арқылы рәсімдеудің 167 жағдайы әшкереленді. Ал 18 мыңнан астам азаматтың деректерінде сәйкессіздіктер тіркелген. Қала тұрғыны Алексей Григорьев бір аяғынан айырылған. Ол медициналық жағдайы дұрыс бағаланбағанын айтады. Қазір көшеде қайыр сұрауға мәжбүр.

АЛЕКСЕЙ ГРИГОРЬЕВ, ҚАЛА ТҰРҒАНЫ:

3 топтағы мүгедектік берді. Ай сайын 50 мың теңгедей жәрдемақы аламын. Әйелім екеуміз жатаханада тұрамыз. Ақшанының бәрі соған кетеді. Әйеліме қамқоршы статусын да бермеді.  Күнделікті тамақ үшін осылай шығамын.

Ал екінші топтағы мүгедектігі бар Ләззат Әбдікаримованың жағдайы өзгеше. Мемлекеттік қолдаудың арқасында баспаналы болған ол, өз мүмкіндігін ескере отырып, қамқоршының көмегінен саналы түрде бас тартқан.

ЛӘЗЗАТ ӘБДІКАРИМОВА, ҚАЛА ТҰРҒАНЫ:

Аяқ-қолым сау. Маған қамқоршының қажеті жоқ. Отбасым бар. Көмектесіп тұрады. Ай сайын 80 мың тегеге жуық ақша аламын. Кейде жетпей қалады.

Осындай әртүрлі жағдайларды ескере келе, алдағы уақытта жәрдемақы тағайындау тәсілі түбегейлі өзгереді. Енді мұқтаждық деңгейін бағалау кезінде тек төлемді тікелей алушы емес, оның отбасындағы барлық кәмелетке толған мүшелерінің табысы мен қаржылық жағдайы есепке алынбақ. Бұл қолдаудың шын мәнінде көмекке зәру отбасыларға жетуін қамтамасыз етуге бағытталған.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Еңбек министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп мұқтаждық қағидаты негізінде әлеуметтік көмекті атаулы түрде көрсету жұмыстарын үйлестіру қажет. Ал қажетті әлеусеттік көмек шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілетінене назар аудару керек.

Атаулы көмекті әділ бөлу үшін Үкімет "Отбасының цифрлық картасы" деректерін басшылыққа алады. Қазіргі уақытта жергілікті әкімдіктер азаматтардан қажетті ақпараттарды жинап, ақпараттық жүйені нақтылау үстінде. Тиісті заңнамалық түзетулер әзірленіп, Құрылтай қарауына ұсынылмақ. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа ережелері толық күшіне енеді.