Елімізде ұлыстың ұлы күні -
әз-Наурызға дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл бұл айтулы мереке Парламент Мәжілісінің сайлауымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан сайлаудан соң Наурызды
тойлау басталмақ. Оның үстіне, мерекеге орай 5 күнге демалыс жарияланған.
Қазірдің өзінде Елорда көшелерінде киіз үйлер тігіле бастады.
Басына кимешегін жамылып,
әндете, сары қымызды сапыра отырған бұл кісі қазақ салт-дәстүрін дәріптеуші -
Сұлушаш Елубайқызы. Әжейдің байырдан наурыз көжені көктемнің бірінші күні
кірісімен-ақ әзірлейтін әдеті бар.
Сұлушаш Елубайқызы, зейнеткер:
Ең көп көжемді бұрын қызмет
істеген орнымда, көп қонақ шақырып, Наурызда 350 адам ішті.
Әжей бүгін де мерекеге көжесін
әзірлеп, ала келген. Мұнда мекеме ұжымы әз-Наурызды атап өтіп жатыр. Әрине, ақ
дастархан жайылған. Ең бастысы - бәрі де
қазақы нақышта.
Наталья Коржова, ҚР Қаржы
министрлігінің жауапты хатшысы:
Барлықтарыңызды Наурыз
мерекесімен! Құтты болсын!
Биыл ұлыстың ұлы күніне орай 5
күнге демалыс жарияланған. Әсіресе қазір Елорда да жұмыс қауырт. Сайлаудан
кейін бірден тойлау басталып кетпек. Астана әкімдігі 70-ке тарта меркелік шара ұйымдастырмақ.
Нарима Мұхамбеталина, Астана
қаласы мәдениет-мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары:
Әрине, үлгереміз.
Бағдарламамамыз дайындалуда. Атап айту керек, қазақ сал-дәстүрінің рәсімдерін де
көрсетеміз.
Ал дәл осылай бірнеше күннен
бері жастар театырының да ұжымы дайындықпен жүр. Әртістер билеп қана қоймай,
қазақ тарихы мен өткенінен сыр шертетін қойылымдар әзірлеуі тиіс.
Құралай Пионер, тілші:
Наурыз мейрамына дайындық қызу
жүріп жатыр. Мәселен, мында бишілер жаттығуларын пысықтауда. Әрине, Наурыз күні
билемей тұру мүмкін емес. Сондықтан біз де үйренуді жөн санадық.
Синоптиктер болжамына
қарағанда, мереке күндері ауа райы да жайлы болмақ. Тіпті қары әлі ери қоймаған
солтүстік аймақтарда да. Тек Астанада құбылмалы температура тұруы мүмкін.
Жалпы Наурыз - түрік тектес халықтарға ортақ мың жылдық тарихы бар мереке. Ай
мен күн теңеліп, жер бетінде тіршілік жаңалана бастайды. Өкпе-назы барлар
бір-біріне кешірім жасап, достасуға міндетті.
Құралай ПИОНЕР