Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 700 шәкіртақы бөлінді

AstanaTV
18.03.2016ж. 20:00
1356
2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 700 шәкіртақы бөлінді

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 700 шәкіртақы бөлінді. Ол өткен жылғыдан 100 стипендияға артық. Мұны Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті мәлімдеді. Ғани Нығыметов стипендияға құжаттар тапсыру тәртібі айтарлықтай жеңілдетілгенін айтты.

Бұдан былай шәкіртақыдан үмiткерлер жалғыз ғана құжатты нотариалды куәландыратын болды. Ол - академиялық оқуға өз бетiнше түсуге ниетті немесе «Болашақ» шеңберiнде тәжірибеден өткісі келгендердің шетелдік оқу орнынан шақырту қағазы болуы тиіс. Сондай-ақ, осы жылдан бастап үмiткерлердің екi жыл жұмыс өтiлi болуы шарт. Онымен қоса, зейнетақы жарнасының төленгенi туралы растау құжатын ұсынуы керек. Құжаттарды қабылдау 11 сәуірден басталмақ.

Ғани Нығыметов, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

Құжаттарды қабылдау 2016 жылғы  үш кезеңде жүргізіледі, яғни 11 сәуірден 13 мамырға дейін, 13 маусымнан 29 шілдеге дейін және 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейінгі аралықта іске асырылады. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА