Павлодарда қоқыс қалдықтарын шығару тарифі қымбаттады. Бұған көлік шығындары мен жұмысшылар жалақысының аздығы себеп болған. Қоқыс тасумен айналысатын кәсіпорындар қалалық мәслихатқа осындай талаппен жүгінді. Сессия отырысында депутаттар қоқыс тарифін өсіруді құптады. Бұған дейін көпқабатты үйде тұратындар айына 490 теңге төлеген. Ал жеке меншік үй иелері үшін бір адамға 554 теңге. Наурыз айының 14-нен бастап, тариф құны 9 пайызға өзгереді. Десе де, әлеуметтік жағынан аз қамтылған осал топтағы азаматтар үшін жеңілдік қарастырылады.
ҚОБЫЛАНБЕК ҚОЖИН, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ:
Қатты қоқыс қалдықтарын тарифін ТБО дейміз. Бүгінгі күнде көтеру керек деп қабылдап отырмыз. Бұны сессияға шығарып отырмыз. Осыған дейін бұл сұрақ үш рет кіріп, бізден қолдау таппаған болатын. Желтоқсан айында кіргізген кезде барлық расчеттарды бергеннен кейін біз сарапшыларды тартып, олармен ақылдасып, кеңескеннен кейін қолдап отырмыз. Олар 16 пайызға өсіруді сұрап еді. Жоқ, инфляция деңгейінде 9 пайыз қолдау тауып отыр.