Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары жүк көлігіндегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 27 ақпанда Сырым ауданында "Самара-Шымкент" автожолында Жымпиты ауылынан 20 шақырым жерде бумадағы қағаз тиелген жүк көлігі өртенді.
Өрт сөндірушілер өртті жедел түрде сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.
"Автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!", - деп ескертті ТЖМ.