$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Германияда Франкфурт әуежайының жұмысы уақытша тоқтап тұр

04.02.2026ж. 23:45
Германияда Франкфурт әуежайының жұмысы уақытша тоқтап тұр
фото: pixabay

Жоспарланған 920 рейстің 100-ге жуығы кейінге шегерілді. Өзгелері басқа әуежайларға бағытталған.

Ұшу-қону жолақтары қардан тазаланғаннан кейін рейстер қайта жанданғанымен, енді терминалдар жұмыс істемей тұр.

Қолайсыз ауа райы ондаған жол-көлік оқиғасына да себеп болған. Айта кетейік, желтоқсан айының соңынан бері Германияда қыс қатты, қар қалың.