Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2024 жылғы 8 қыркүйек пен 20 қазан аралығында сотталушы К. «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы М.-ға мәтіндік және аудио хабарламалар жіберген. Онда бейәдеп сөздер айтып, М-ды әдепсіз түрде қорлап, осылайша оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиіскен.
Жәбірленуші сотта моральдық зиян үшін 150 000 теңге, өкілдік шығыстарына 250 000 теңге, сондай-ақ психологиялық-филологиялық сараптама жүргізуге 130 000 теңге мөлшерінде іс жүргізу шығындарын өндіруді сұрады.
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 20 АЕК мөлшерінде (73 840 теңге сомасында) айыппұл салды.
Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян үшін 100 000 теңге, өкілдік шығыстарына 250 000 теңге, сараптама жүргізуге 130 000 теңге өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.