$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Алматыда үшем дүниеге келді

04.02.2026ж. 15:02
Алматыда үшем дүниеге келді
фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының перинаталдық орталығында 39 жастағы әйел үшемді дүниеге әкеліп, 6 баланың анасы атанды. Нәрестелердің салмағы - 1840, 1680 және 1620 г. Оларға Заңғар, Айбар және Әсел есімдері берілді.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір үшемнің жағдайы тұрақты, салмақ қосып келеді. Оларға жеке күтім бекеті бөлінген.