$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Валюта айырбастау ережесі өзгерді: Ұлттық банк қаулысы

AstanaTV
28.02.2025ж. 14:47
273
Валюта айырбастау ережесі өзгерді: Ұлттық банк қаулысы
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық банк шетел валютасын теңгемен сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы басқарма қаулысын қабылдады. Қаулы 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.

Құжатта банк арқылы және банктік емес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілген мәндері бекітіліп отыр.

"Ол шектер АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге", - деп жазылған мәліметте