$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Атырауда «Нұр Отан» партиясы қала тұрғындарының мәселесін шешуге жәрдемдесті

AstanaTV
12.06.2017ж. 20:00
1669
Атырауда «Нұр Отан» партиясы қала тұрғындарының мәселесін шешуге жәрдемдесті

Атырауда жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына арызданып келген 5 мыңға жуық өтініштің 20%-ға жуығы оң шешімін тапқан. Сан-салалы мәселелерді партия мүшелері барынша қарап, қажет болса, құзырлы орындар қарауына жібереді.

Гүлзада Әбеуова жетім өскен. Орта білімін дәлелдейтін құжаты да жоқ ол бауырындағы екі бірдей баласын «қалай асыраймын» деп қамығып, партия көмегіне жүгінеді. Партия мамандары оны жедел түрде қабылдап, 9 жылдық білімін дәлелдейтін куәлігі мен жергілікті педагогикалық колледжге оқуға түсіреді. Қазір ол сырттай білім алып жүр. Партия өкілдері оның 9 жылдық білімі бар екенін дәлелдейтін құжатын ретке келтіріп берді. Ол үшін мұрағаттағы барлық құжаттарды қайта көтеріп, мектеп бітірген құжаттарын тапқан. Мұнан өзге 2 бөлмелі пәтерге қолы жеткізді. Қазір тіпті жұмыс та істеп жүр.

Гүлзада Әбеуова, Атырау қаласының тұрғыны:

Мен өз басым "Нұр Отан" партиясының Атырау облыстық филиалынан зор қолдау көрдім. Қиналып жүргенде баспаналы болдым. Оқуға түсуіме де ықпал етті. Енді міне жақында қабылдауда болып, тұрақты жұмыспен қамтылдым. "Нұр Отан" партиясы нағыз халықтың партиясы, "Нұр Отан" партиясына деген алғысым шексіз