Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстандықтар әлемге әйгілі суретшілердің еңбегін тамашалай алады

AstanaTV
12.06.2017ж. 20:00
3032
Қазақстандықтар әлемге әйгілі суретшілердің еңбегін тамашалай алады

Орыс суретшісі Николай Рерихқа арналған Құрама Штаттардағы жалғыз музей алғаш рет Қазақстанда жеке коллекцияда сақтаулы тұрған суреттерді ұсынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды. Өнер сүйер қауым сондай-ақ «АҚШ-тың жеке коллекцияларынан алынған орыс өнерінің жауһарлары» атты сирек көрсетілетін көрмені тамашалай алады. Оның құрамына танымал марионист Айвазовскийдің, XIX ғасырдың танымал кескіншілері Маковский мен Харламов сияқты белгілі суретшілердің 35 туындысы кіреді. Бұл шараны өткізу үшін келіссөздер бірнеше жыл жүргізілген. Америкалық тарап барлық ұйымдастырудың шығынын өзі көтеретін болып келіскен. 

Марина Ковалева, американдық «SON MAR GROUP» компаниясының негізін қалаушы:

Былтыр коллекцияның тек кішкентай бөлігі ғана өзге елге шығарылып, музейде көрсетуге рұқсат алған болатын. Ал бұл жолы біздің әкелген топтама осы уақытқа дейін көпшілікке таныстырылған жобалардың ішіндегі ең ауқымдысы. Сондықтан бұл көрмеге теңдессіз өнердің кеші болады деген баға беруге болады.