Ақтөбеде мектепке бара жатқан бірінші класс оқушысы көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін таңғы жеті жарымның шамасында болған. Мектепке бара жатқан жеті жасар балаға үйінің алдынан ит жүгіріп шығып, бала содан шошып кеткен. Жерге сылқ құлаған бала сол жерде жан тапсырған.
БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ :
Ит болды. Ұстап алып кетті өздері мына арада. Овчарка ит қызыл болды. Білмеймін үстіне секіріп жіберді. Қорқып кетіп жүрегі жарылып кеткен. Сол шындық. Мамасы артынан шыққан апасы екеуі.
Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу- тексеру шаралары басталды. Бірнеше сараптама тағайындалған. Полицияның мәліметінше, денесінде ешқандай жарақат жоқ. Дәрігерлер де баланың бұрын соңды ешқандай туа біткен диагнозы болмағанын айтып отыр.
ӘЛИЯ ШАРБАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
103 уақтылы 5 минут арасында келіп көмек көрсеткен. Бригада келгенде бала үйінде анасының қасында балада клиникалық өлім болған. 30 минут шамасында барлық реанимациялық іс-шаралар өткізілген бригадамен, алайда нәтижесіз болуына байланысты константировали смерть.