Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тараздағы «Тастақ» ауданының тұрғындары «таңдаған депутатымыз сенімді ақтады» деп дән риза

AstanaTV
13.06.2017ж. 20:00
3815
Тараздағы «Тастақ» ауданының тұрғындары «таңдаған депутатымыз сенімді ақтады» деп дән риза

«Депутат берген уәдесінде тұрды.» Осылай деп Тараздағы «Тастақ» ауданының тұрғындары қалалық мәслихаттағы халық қалаулысына ризалығын білдірді. Тұрғындар сайлау науқанында Нариман Мәуленовке №25 сайлау округінен дауыс беріп, өздері таңдаған. Ал сол кездегі "сайланушы үміткер" алда депутат болған соң, халықтың жағдайын жасап, өз қаражатына "жол төсеп берем" деп уәде еткен екен. Сөзінде тұрған азамат 5 көшеге тас-шағал төсеп, тегістеп берген. Тастақ ауданында ұзын-саны 33  көше бар. Оның 8-і ғана асфальтталған. Қалған көшелер шағалды жолдар. Енді депутат шойын жол бойындағы жаяу жүргіншілер жолын салып беруді қолға алған. Алайда, темір жол стансасының маңы стратегиялық объект болғандықтан, жол төсеуге құқық беретін рұқсатты Астанадан келуін күтіп жүр.

Оразбек Өскенбаев, Тараз қаласының тұрғыны:

Осы тас жолдан өтуіміз, жүруіміз, жауын кезінде шалшықты айналып, батпақпенен мектепке барды бала-шағамыз. Өте қиналған жағдайда болып едік. Содан «Нұр Отанға» бардық. Сөйтіп едік, ол кісілер осы депутаттарымызға шықты. Соның арқасында, міне, қазір көшеміз теп-тегіс, асфальт төсегендей қуанып жатырмыз.

Нариман Мәуленов, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мен сайланғалы бері 1 жылдан енді асты. Өйткені былтыр күз болды. Ауа-райы қолайсыз болды. Күзде де істей алмадық. Көктем шыға салысымен, осы көшені, мен сайланған учаскенің 5 көшесін жөндеуден өткізіп бердік. Жалпы шақырымы шамамен 10 шақырымнан асады.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ