$496.71 €531.33 ₽5.55
×

Ақтөбеде 9 сынып оқушысының өліміне қатысты сот жабық режимде өтеді

AstanaTV
04.03.2025ж. 20:00
108
Ақтөбеде 9 сынып оқушысының өліміне қатысты сот жабық режимде өтеді

Ақтөбеде Темір ауданы Қопа ауылында адам қолынан қаза тапқан Нұржан Сыдыққа  қатысты сот отырысы басталды. Сот Ақтөбе облысы  кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық сотында жабық режимде қаралып жатыр. Күдіктінің алтауы да- кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар. Еске салайық, былтыр 2 қыркүйекте Темір ауданы Қопа ауылында 10-сынып оқушылары 11 сынып оқушыларының нұсқауымен 9 сынып оқушыларын ұрып-соққан. Кеуде тұсынан қатты соққы алған 14 жастағы Нұржан сол жерде көз жұмды. Тергеу барысында кәмелеттік жасқа толмаған алты күдікті қамауға алынды.  Оларға үш бап бойынша айып тағылған.  Қылмыстық іс 23 томнан тұрады. Іс бойынша марқұм болған Нұржанды қосқанда 13 жәбірленуші бар. Оның  жетеуі 9 сынып,  бесеуі 10 сыныптың оқушылары. Барлығы сотқа бүгін ата-анасымен қатысты. Мемлекеттік айыпталушы мен қорғаушылар соттың жабық режимде өтуін сұрады. Сотқа Нұржанның жақындары да қатысты.

Б. Рақметова