Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елордада «AMANAT» партиясының "Әйелдер қанаты" мен "Tomiris" жобасының қатысушылары бас қосты. Кездесу аясында ұйымдастырылған панельдік сессияларда қатысушылар нәзік жандылардың саясаттағы, экономикадағы және қоғамдағы рөлін кеңейту мәселелерін талқылады. Tomiris жобасының қатысушылары өз тәжірибелерін ортаға салып, елдегі гендерлік теңдікті ілгерілетудің тиімді механизмдерімен бөлісті. Айта кетейік, шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 120-дан астам қыз-келіншек келді.
ШОЛПАН КАРИНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Екі күндік жұмыста біз әйел адамдардың құқықтары мен мүмкіншіліктерін кеңейту бағытында жұмыстар жүргізетін боламыз. 3 стратегиялық сессияда жұмыстар жүргізілетін болады. Оның негізгі бағыты әйелдер қанатын ары қарай дамыту бойынша жұмысты жақсартатын ұсыныстарды әзірлеу. Және де партиялық жоба, бұл Томирис жобасы. Томирис бұл әйелдердің саяси көшбасшылығын ілгерілету мәселесін қарастыратын жоба. Сондықтан осы жобаларды ары қарай дамытуда қандай жаңа технологиялар бар, қандай жаңа инстрменттар бар, міне осыған байланысты жұмыстар жүргізілетін болады.
АЙНҰР АЙБУЛДИНОВА, ҚАТЫСУШЫ:
Бүгінгі іс-шарада біз әртүрлі тренингтер, сессияларға қатысып, арықарай өз білімімізді, көшбасшы болудың қандай екенін және ораторлық сабақтар өткізіледі. Осы тренингтерге қатысып, өз білімімді, дағдымды дамыту мақсатымен келіп отырмын.