Қызылжарда қызыл судан зардап шеккендер әлі де көмекке зәру. Солардың бірі - Елена Слесарева. 1 жарым метрге көтерілген судан бар дүние-мүлкі жарамсыз болып, үйінің еден-қабырғасы да бүлінген. Өтемақы ретінде 600 мың теңге алыпты. Алайда, бұл жыртыққа жамау болмай тұр дейді.
Елена Слесарева, Петропавл қаласының тұрғыны:
Бізге жөндеу жұмыстарына деп берілген 600 мың теңге жетпейді. Менің шығыным 1 миллион теңгеден асады. Одан басқа жұмыс күшін жалдау керек. Бастапқы партия ұйымы бірден көмек берді. Соларға рахмет айтамын. Бізге кәсіпорынның ішінен пана беріп, азық-түлікпен қамтып отырды. Оларға өкпем жоқ.
«Қызылжар су» бастапқы партия ұйымы тасқыннан зардап шеккен өздерінің 17 жұмысшысына гуманитарлық қана емес, қаржылай да демеу көрсетіп отыр. Әрбір жұмысшыға 400 мың теңгені кезең-кезеңімен бермек. Ал жыл басынан бері "Нұр Отан" партиясына жүгінген 1500-ден астам адамның үштен бірі көмекке ие болған.
Динара Байкенова, «Нұр Отан» партиясы «Қызылжар су» ЖШС бастапқы партия ұйымының төрайымы:
Су басқан кезде біз оларға 50
мың теңгеден таратып бердік. Сол кезде кәсіпорында эвакуациялық бекет құрылды.
Көшірілген азаматтарды 3 мезгіл тамақтандырып, тасқын салдарын жоюға
көмектестік. Компания қызметкерлері өздерінің біркүндік жалақыларын бөліп, әр
отбасыға 150 мың теңгеден таратты. Жақын арада кәсіпорын бюджетінен әлгі 17
жанұяға тағы 200 мың теңгеден бөледі.