Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанай тұрғындары электр қуатының шамадан тыс артуынан тұрмыстық техникасыз қалды

AstanaTV
14.06.2017ж. 20:00
2812
Қостанай тұрғындары электр қуатының шамадан тыс артуынан тұрмыстық техникасыз қалды

Кернеуден келген шығын. Қостанайда тұтас бір көшенің тұрғындары тұрмыстық техникасыз қалды. Электр қуатының шамадан тыс артуы құны қымбат құрылғыларды істен шығарған. Ашынған жұрт өтемақы төленуін талап етіп отыр. Алайда техникалық ақауы бар  трансформатор  жеке адамның атына жазылған екен. Заңғар Санай тарқатады.

Заңғар Санай, тілші:

Төртінші Қостанай көшесінің тұрғындары бір сәтте тұрмыстық техникасыз қалғандығын айтады. Электр қуатының шамадан тыс артуы 20 шақты үйдің  қымбат құрылғыларын  күйдіріп жіберген.

Қаратай Қасенов, қала тұрғыны:

Жел болса, жарықсыз қаламыз. Желде массалық  клемалары босап, бір жағында артық, бір жағында кем болады. Сондықтан бүкіл приборлар жанып жатыр.

Бұбұл Ордабаева кернеуден келген шығынның көлемі 300 мың теңгеге жуық деп отыр. Кейбір техникаларды жөндетіп  қойыпты. Ал істен шыққан  құны қымбат құрылғыларды қайта сатып алуы қажет.

Бұлбұл Ордабаева, қала тұрғыны:

Посудамойкам күйіп кетті. Жөндейтін адамдарды шақыртып ем, түк те істей алмаймыз дейді. Енді маған қайтадан жаңадан сатып алу керек боп тұр.

Осыдан 10 жыл бұрын  тұрғындар ақша жинап трансформатор орнатқан көрінеді. Сол тұста ток желісі Қанат Шағыровтың атына жазылған екен. Қала тұрғыны  техникалық ақауы бар  құрылғыдан құтылғанша асық. Алайда, тиісті мекемелер  балансқа  алмай отыр, - дейді.

Қанат Шағыров, қала тұрғыны:

Балансқа  қазір алам десе, қазір жазып берер ем. 3-4 жыл болды соңынан жүргелі. Олар алмаймыз дейді. Бізге ондай трансформатор керек жоқ дейді.

Ал, қалалық электр желісінің бастығы Ғабит Бекбаев, егер жарық таратқыш жабдықты жеке тұлға жөндеп берсе және техникалық құжаттары түгел болса, балансқа алуға болады деп отыр.

Ғабит Бекбаев, «ЭПК-Форфайт» ЖШС қалалық желісінің бастығы:

Әлгі жабдықты біз балансқа алуға қарсы емеспіз. Бірақ техникалық талаптарға сай техникалық паспорты мен тиісті құжаттары түгел болуы керек.

Заңғар Санай, тілші:

Тұрғындар тарапынан ешқандай өтініш-шағым түскен жоқ, - дейді қалалық электр  желісінің басшылығы. Дәл осы тектес оқиға 2 жыл бұрын болған көрінеді. Сол кезде де тұрғындарға  өтемақы төленбеген.