$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Зілзаладан қаза тапқандар саны 587 адамға жетті

AstanaTV
22.04.2016ж. 20:00
1639
Зілзаладан қаза тапқандар саны 587 адамға жетті

Табиғат апатынан ес жимаған Эквадорда кезекті рет жер сілкінді. Осы жолы зілзаланың қуаттылығы 6 баллға жеткен. Жерасты дүмпулерінің ошағы Портовьехо қаласынан 74 шақырым жерде орналасқан. Әзірге опат болып, зардап шеккендер жайында нақты мәлімет жоқ.

Еске салайық, апта бұрын Эквадорда алапат жер сілкінісі тіркелген еді. Бүгінде қаза тапқандардың саны 587 адамға жеткені белгілі болды.  Тағы 150 адам  із-түссіз жоғалғандар санатында. Мамандар құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Билік өкілдері зілзаланың шығынын толтыру үшін ондаған жылдар қажет дейді. Болжам бойынша экономикаға келген залал бірнеше миллиард долларды құрауы мүмкін. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах