Өнер сүйер қауым үшін қуанышты жаңалық. Ұлттық музейде белгілі суретші Николай Рерихтың туындыларынан құралған көрме ашылды. Мұнда 200 еңбектің ішінен 37-сі таңдалып әкелінген екен.
Мұндағы мақсат - суретшінің түрлі техникалық мүмкіндіктері мен өмірлік жолын жан жақты көрсету. Мифология, сәулет, табиғат Рерихтың қызықты тақырыптары болған. Орыс өнерінің басты арт-диллерлерінің бірі Анатолий Беккерман бұл көрмені өз қаржыма өткізуім Астанаға, Экспоға жасаған тартуым,-дейді. Музейден Рерихтің туындыларымен қатар Айвазовский, Харламов сияқты біртуар шеберлердің еңберін көруге мүмкіндік бар.
Анатолий Беккерман, «ABA GALLERY» галереясының иесі, коллекция жинаушы:
Қазақстанға деген көңілім бөлек. Осында, Нью-Йоркте де тұратын достарым бар. Астанаға келу мүмкіндігі туғанына қуаныштымын. Бұл коллекцияны әкелу мен ұйымдастыру жұмыстарын толықтай өзім көтеріп отырмын. Қаражат туралы айту артық. Бұл менің Қазақстан халқына ұсынған сыйым деп қабылдаңыздар.
Айбек ҚОСАН