Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астанада такси тарифі көрсетілген табло пайда болды

AstanaTV
14.06.2017ж. 20:00
2243
Астанада такси тарифі көрсетілген табло пайда болды

Такси жүргізушілері шетелдіктерді алдауын қоймаған соң, Астана әкімдігі такси тарифі көрсетілген табло шығарды. Астана әуежайы мен "Нұрлы жол" вокзалындағы таблодан қандай бағыттарға баға қандай екені көрсетілмек.

Өйткені Астанада такси жүргізушілері бір емес, екі рет шетел азаматын алдап, қомақты ақша алған. Бірі Венгрия азаматынан әуежайдан оң жағалауға жеткізу үшін 40 мың теңге алып, кейін жұмысынан қуылды. Ал Германиядан келген туристті әуежайдан Сәтпаев көшесіндегі қонақ үйге 16 мың теңгеге жеткізіп салған такси жүргізушісі іздестіріліп жатыр.