Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Нидерланды инновациялар арқасында жедел дамып жатыр - Нидерланды павильонының коммисары

AstanaTV
15.06.2017ж. 20:00
2205
Нидерланды инновациялар арқасында жедел дамып жатыр - Нидерланды павильонының коммисары

Жоғары энергия көзі. ЭКСПО көрмесіндегі Нидерланды павильоны өз қонақтарын осындай атау тағылған инновацияларымен таң қалдырып жатыр. Жоба авторлары келушілерге жарық шамдар мен лазерлық шоу ұсынады. 3D форматындағы проектілермен жасалған галограммалар Голландияның озық үлгілерін көрсетеді. Павильон коммиасары Ханса Дриссера, голландиялық ойлау образы болмағанда, елдің тыныс-тіршілігі ауырлау болар еді, дейді.

Ханс Дриссер, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Нидерланды павильонының коммисары: 

Біздің қойылымның басты идеясы - Голландияның ойлау жүйесін көрсету. Сан ғасырлар бойы біз креативті болуды үйрендік. Бұл бізге мұхит жүйесімен күресте берілген дағды. Себебі біздің ел мұхит деңгейінен төмен жатыр. Біз су құрсауынан жерімізді аман алып қалдық десек те болады. Есесіне біз қазір ауыл шарушылығы өнімдерін экспорттауда алдыңғы қатарлы елміз. Сондықтан Голандиялық ойлау образы болмағанда, елдің тыныс-тіршілігі де ауырлай түсер еді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ