$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Жасыл» қаржыландыру. «Қара аққу». Астана экономикалық форумы.

AstanaTV
17.06.2017ж. 20:00
2496
«Жасыл» қаржыландыру. «Қара аққу». Астана экономикалық форумы.

Астана экономикалық форумында мән беретін біраз нәрсе айтылды. Мысалы, зейнетақы жинақтаушы қорының банкрот болған Әзірбайжан банкіндегі 200 млн доллардан астам қаржысы қайтады деп айтады, сол ақша Ұлттық банкті өзі басқарған кезде салынған Қайрат Келімбетов. Ал Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, кезекті даму жоспарын дайындап жатқандарын хабарлады. 2025 жылға дейінгі. 8 бағыт бойынша: отын-энергетика кешені, ауыл шаруашылығы, транспорт пен логистика, туризм, білім мен денсаулық сақтау салалары. Яғни биыл ЭКСПО аясында «Жаңа энергия. Жаңа экономика» тақырыбымен өткен Астана экономикалық форумында көп көтерілген жасыл энергия, жасыл қаржыландыру ...иә, біз үшін де маңызды, әйтсе де біздің де жасыл жобаларға «сүңгіп» кетпейтінімізді көрсетеді. Былайша айтқанда, трендті түсінеміз, бірақ «өз ерекшеліктерімізге сай», біртіндеп жылжимыз-ау... Бірақ Қытайдың «Жібек жолына» белсене араласу, транспорт және логистика бойынша жоспарлар экономиканың, қайталап айтам, экономиканың тұраламауына ықпалдасатыны шын.

Форумның бірінші күнінен мына детальға тоқталғым келеді. Салық төлеушілер ассоциациясы басқарушы кеңесінің төрайымы Жаннат Ертілесова салық әкімшілігіне тоқталған. «Барлық мейрамханалар мен барлық дәмханалар жеке кәсіпкер мәртебесінде жұмыс істейді, сөйтіп есеп тапсырғанда төменгі шекті көрсетеді. Олардың айналымы 1 млн теңге ме, жоқ әлде 300 млн теңге ме, ешкім түсінбейді. Бұл салық әкімшілігіне байланысты проблема». Неге тоқталдым? Себебі тиісті салықтардың төленбеу «дәстүрі», мейрамханалар мен дәмханаларда ғана емес, жалпы, тіршілік пен есептердің кейде жер мен көктей алшақтығы сияқты әбден сіңген «салттар» жасыл экономиканы қоя тұралық, дәстүрлі экономиканы «бітті, осы жолы дұрыстаймыз» деген мәлімдемелерге күмәнмен қаратады.

Сананың «базар» деңгейінен шын нарықтық деңгейіне дейінгі мыңдаған шақырымдық қашықтықты осындай форумдарда тереңірек ұғасың. 

Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:

Экономикалық форумға жасыл энергия тақырыбы таңдалуы тегін емес. Әлемде бұл салада төңкеріс болып жатыр. Астана экономикалық форумында бізге таңсық болған термин «Жасыл қаржыландыру». Қазіргі таңда дүниежүзінде энергетиканың табиғаты, құрылымы, қаржыландыру тетіктері түбегейлі өзгеріп жатыр. Ең соңғы жаңалыққа тоқталсақ, Дания 2015 жылы өз-өзін 130 пайыз жасыл энергиямен қамтамасыз еткен. Ол - жел мен күннің қуаты. Екінші мысал - Германия. Қазір баламалы, таза энергия көздерін тұтынушыларға тегін береді. Ал, АҚШ-та Майкл Блумберг, Apple-дің өзі «жасыл» технологиялар ойлап тауып жатыр. Сөйтіп, Америкада жарты миллионнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған. Бір қызығы әлемде ең көп интелектуалды патенттер де осы салада беріліп жатыр. Ал Астанада халықаралық қаржы орталығы «жасыл» құнды қағаздар, «жасыл» несиелеу, «жасыл» инвестор тартуға ыңғайлы хаб боламыз,- дейді.  Бірақ форумға қатысушылар мемлекеттік қолдау жағын көп сұрайды. Бізде ол, әзірге аса қарастырылмаған.

Айдар Қазыбаев, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры: 

Сегодня таких стимулов практический нет. Одно дело мы создадим площадку, другое дело они должы получит гос.поддержку. В части налогоблажения, в части вычетов из доходов, в части финансирование зеленых проектов.

Иә, Қазақстанда  бұл саланы дамытуға тежеуіш фактор, дәстүрлі энергияның бағасы өте арзан. Көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары жетеді. Экономикалық тұрғыда біз ұтылып жатқанымыз жоқ. Бірақ экологияға қауіпті. Түтіннен көз ашпайтын Қытайдың проблемасын білеміз. Өндіріс неғұрлым дамып, зауыттар көбейген сайын, ауа ластана түседі.  Бірақ Қытай түтінге көміліп қалмақ емес -  сарапшылардың пікірінше, Қытай 10-15 жылда баламалы энергия өндіруде көшбасшыға айналады. 

Айдар Қазыбаев, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры: 

У них серьезно работает мехнизим монитронга за выбросами. Отслеживаются предприятия. Предприятия не может сказать нет. Потому что государство предоставляет длинные кредиты зеленые облигации, для того чтобы предприятие могло воспользватся  инструментами которое снижало бы выброси на окужающую среду. 

Иә,  бізде көмір, темір өндірушілердің лоббиі күшті.  Бірақ Президент Астана экономикалық форумында «дәстүрлі»  салаларды қаржылай қолдауды тоқтату қажеттігін айтып қалды. Үлгі алатын елдерге де тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Надо уйти от протекционизма и субсидирования традиционной энергетики, по примеру Ирландии, которая отказалась от государственной поддержки сырьевой экономики, в целом.

Экономикада күтпеген, күрт өзгерісті «Қара аққу» құбылысы дейді. Сирек құс. Ол ешбір сарапшы болжай алмайтын құбылыс. Тап осы теорияның авторы америкалық трейдер Нассим Талеб. Форумның құрметті қонақтарының бірі. Талеб Астананы да «қара аққуға» теңеді.

Нассим Талеб, «Қара аққу» теориясының авторы:

«Гугл кәсіпкерлік»,  Астана - болжауға мүмкін емес құбылыстар. 40 жыл бұрын Астананың қазіргі кезін біреу сипаттаса, оны жынданғанға жатқызатын шығар. Бірақ қазіргі кезде Астана осылай дамып жатыр. Оны да «қара аққу» деп айтуға боалды.

Тегі ливандық Талебтің ата-бабасы 200 жыл бұрын Ұлы жібек жолы арқылы Еуропаға мата сатқан көрінеді. Сондықтан  қайта «түлеген» жобаға экономист ерекше қызығады. Және Ұлы Жібек жолы сауда-саттықтың геополитикадағы жеңісі деп бағалап отыр. Қытай демекші, Форум аясында Ұлттық экономика министрі телеарналардың арасында «Астана» арнасына эксклюзивті сұқбат берді. Қазақстанның Қытайға қанша қарыз екенін білдік. Министрдің мәліметінше, біз Қытайға 12,5 миллиард доллар қарызбыз. Оның 2,7 миллиарды банк секторы, 9,98 миллиарды басқа сала, 944 миллионы фирма-аралық қарыз. Ал, Қытай бізге 12 млрд доллар берешек. Сонда таза қарыз айырмашылығы 579 млн доллар. Көрші елден қарыз әртүрлі шарттармен алынады. Министрдің айтуынша, батыспен салыстырғанда қытайлар ұзақ мерзімді, әрі арзан несие беруге икемді. 

Тимур С
үлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Если посмотреть дебитроскую, кредиторкую задолжность составляет в проядке 580 млн долаларов. Более менее нормальная ситуация. Это ситуация лучше чем в сотношенний общего внешнего долга. 

Дүниежүзілік банктің есебінше, Қазақстан экономикасының шарықтау кезеңі 2000-2014 жылдар. Әрине, ол мұнай бағасына байланысты. Дегенмен, үкімет оны тиімді пайдалана білді деп есептейді. 10 жылда кедейлік екі есеге қысқарған. Күніне 5 доллар табыс табатындар 55 пайыздан 20 пайызға азайған. Тұрақты өсімге жету үшін транзитік әлеуетті тиімді пайдалану керек. Және экономикаға мұнай емес, жеке сектор табыс әкелген жағдайда ғана өсім тұрақталады, дейді сарапшылар.

Сирилл Мюллер, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймақтары бойынша вице-президенті:

Қазақстан жұмыспен қамту мен заң үстемдігіне басқаша бейімделуі керек. Бәсекеге қабілетті, түрлі сынақтарға келгенде бейімделгіш жұмысшыларды қалыптастыруы керек. Еңбек өніміділігі  өте жоғары болуы тиіс.

Астана экономикалық форумы Қазақстанның көп векторлы саяси-экономикалық ұстанымының көрсеткіші іспетті.  Иә, мұнда Трамптың кибер қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі  Рудольф Джулинали де, Ресей үкімет башысының орынбасары Игорь Шувалов та, Қытай һәм Араб әлемінің беделді тұлғалары көп келді. Айтпақшы, Шувалов техника мен технологияның қарқынды дамып жатқанына қатысты пессимистік пікірімен бөлісті. Әлде спичрайтерінің сәтсіз теңеуі ме, әйтеуір, «Терминатор» тіріліп келуі мүмкін деген үрейін жасырмады.

Игорь Шувалов, РФ Үкіметі жетекшісінің бірінші орынбасары:

Наиболее мрачные прогнозы говорят о неизвежности  бунта машин по сценарию «Терминатора».

Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:

Жылда үш күнге созылатын  Форум биыл екі күнмен шектелді. Шақырылған Нобель сыйлығы лаураттарының саны да екі есеге қысқарған. Екеу-ақ келді. Форум жалпыдан жалқыға көшіп, ғаламдық проблемадан, елдік проблемаға ойысуы қажет,- дейді сарапшылар. Форумдардан бөлек, ел экономкасы  күнделікті «Фейсбукте» қызу талқыланады.  Онда аузы дуалы сарапшылар шоғыры да қалыптасқан.  Форум осыны ескерсе керек, биыл «Фейсбук» «жұлдыздары» да төрден орын алды.