$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Ақтөбе облысында тасқын су уақытша өткелді шайып кетті

AstanaTV
15.03.2025ж. 13:00
101
Ақтөбе облысында тасқын су уақытша өткелді шайып кетті
Фото: видеодан кадр

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында еріген қар суы уақытша салынған өткелді бұзып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудан әкімдігі бұл ақпаратты растады. Қазіргі уақытта ауылда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, ал су басқан аймақта көлік қозғалысы тоқтатылды.

Өткен жылы көктемгі су тасқыны салдарынан негізгі көпір зардап шеккендіктен, ол жөндеуге жабылды. Жергілікті тұрғындардың қатынауы үшін бір шақырым қашықтықта уақытша топырақ өткелі салынған еді. Бүгін сол өткелді Ойыл өзенінен келген еріген қар суы шайып кетті, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы әкімдігінен.

Қазіргі таңда жергілікті тұрғындардың өзеннен қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету шаралары қолға алынуда.

2024 жылдың көктемінде Ойыл ауданы тасқын су астында қалған болатын. Биыл да Ақтөбе облысы су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың қатарында. Облыс орталығының тұрғындарына су тасқыны кезінде эвакуацияға дайын болу керектігі ескертілді.