Әнші Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімованың соңғы жазбасы елді өзіне назар аудартты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды aikyn.kz.
«Бәлкім, екеуміздің ойымыз бір шығар, бірақ бөлек-бөлек жүріп келеміз. Арамызда тосқауыл бар сияқты…», – деп жазады Жұлдыз Әбдікәрімова.
Желі қолданушылары бұл сөздерді түрліше жорамалдап, Қайрат Нұртасқа бағытталған деп болжап отыр.
Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова өмірінде өзгерістің болып жатқанын қозғағанымен, ашығын айтпады. Оның соңғы түскен фильмінің тұсаукесерінде Жұлдыздың отбасы, жұбайы Қайрат Нұртас көрінбеген еді.