Ресейлік компания Байқоңырдан ұшқан зымыран тасығыш қалдықтарынан шыққан өрт туралы дер кезінде хабарламаған. Әуе кемесінің сынықтарын жинайтын «Машинажасау ғылыми өндірістік бірлестігі» АҚ-ның қызметкерлері тілсіз жауды өздері ауыздамақ болған. Бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары хабарлады. Соның кесірінен бір адам қаза тауып, бір адам Жезқазған ауруханасына жеткізілді. Өмірі қыл үстінде тұрған науқас бүгін санавиациямен Қарағандыға жеткізілмек. Айжан Қуаш мән-жайды білді.
Айжан Қуаш, тілші:
Өрттен
Ұлытау ауданының 10 мың гектар жері өртенген. Аумағы ауқымды өртті ауылға
жақындап келе жатқанын ауыл тұрғыны хабарлаған. Өрт сөндірушілер жалынды 18
шақырым қашықтықта сөндіріп үлгерген.
Тілсіз жау кеше күндіз
тұтанған. «Союз-2.1 а» зымыран тасығышы Байқоңырдан 3 сағат 20 минутта ұшқан.
Көкке көтерілісімен жерге түскен сынықтары өртене бастайды. Құрғап тұрған шөп
пен қатты жел жағдайды ушықтырған. Бірақ ресейлік компания өкілдері тілсіз
жауды өздері ауыздамақ болыпты.
Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД бастығы:
Біздің күштер кірмей тұрып, олар басында өздері сөндіреміз деп олардың жұмыскері жанып кеткен. Сол құлаған темірлерін теріп жүретін арнайы группасы бар. Олар өртті байқап, өздері сөндіре алмай, 3-4 сағаттай уақытын жіберіп қойып, содан өрттің аумағы 10 мың гектардан асып кетті.
Қайтыс болған азамат - ресейлік «Роскосмосқа» қызмет көрсететін ресейлік «Машинажасау ғылыми өндірістік бірлестігі» АҚ-ның көлік жүргізушісі. Бірақ мамандар қай елдің азаматы екенін білмейді. Тек Жезқазған қаласының тұрғыны екені белгілі.
Ал ресейлік «Роскосмос» ресми сайтта аталмыш компанияның мемлекеттік корпорация құрамына кірмейтінін жазып, марқұмдардың туыстарына көңіл айтқан. Ал Жезқазған ауруханаға жеткізілген компания дәнеркелеушісінің халі ауыр, - дейді дәрігерлер.
Айжан Иса, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Жезқазған қаласының орталық ауруханасына науқас келіп түсті. Кеше 23.00-де. ҚР азаматы. 1968 жылы туған. 45 пайыз күйік алған. Жағдайы ауыр, реанимация бөлімшесінде. Дәрігерлер бүкіл көмекті көрсетіп жатыр.
Айжан Қуаш,тілші:
Ал
мамандар зымыран қалдықтарынан ауыл тұрғындарына айтарлықтай зиян келген жоқ
деп отыр. Әрі, оны ұшыру үшін, «Протон» зымыранындағыдай гептил емес, керосин
қолданылады.
Айжан ҚУАШ