$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Көктем басталып, Қазақстанда коронавирус қайта бой көрсете бастады ма?

AstanaTV
18.03.2025ж. 06:51
115
Көктем басталып, Қазақстанда коронавирус қайта бой көрсете бастады ма?

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда COVID-19 инфекциясының 174 жағдайы тіркелді (169 КВИ+ жағдайы, 5 КВИ-жағдай), өлім-жітім фактілері болған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейінің 6 есе төмендеуі байқалады.

Жалпы, ЖРВИ, тұмау, КВИ ауруларының алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады:

адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;

үй-жайларды үнемі желдету; қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану;

науқас адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету.