Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстандықтардың 15 пайызы ғана діннің барлық талаптарын ұстанады

AstanaTV
16.06.2017ж. 20:00
2618
Қазақстандықтардың 15 пайызы ғана діннің барлық талаптарын ұстанады

Қазақстандықтардың 15 пайызы ғана діннің барлық талаптарын ұстанады. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев есептік кездесуінде айтты.  Ведомствоның мәліметінше, елде 3500-ге жуық діни бірлестік тіркелген. Халықтың 75%-ы өздерін діндар деп есептегенімен, парыздарын орындамайтын болып шыққан. Қалған 10% өздерін атеист, яғни дінге бойұсынбайтындар, деп есептейді екен. Ал жат ағым өкілдерінің саны туралы мәлімет айтылмады. Министр қоғамға қауіп төндіретін теріс діни ағымдарға қажет болса, заңмен тыйым салу қиындық тудырмайды деп отыр.

Нұрлан Ермекбаев, Дін істері және азаматтық қоғам министрі: 

Басқа елдерде осындай діни ағымдар олардың мемлекеттік басқару жүйесімен бірге үйлесімде өмір сүруі мүмкін. Бірақ бізге тарих, дәстүр, менталитетімізді ескере отырып, бізге ондай діни ағымдар жат. Болашақта егер қажет болып қоғам талап етсе, тиым салу мәселесін өте қысқа мерзімде шешуге болады.