$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Қару-жарақ сататын дүкендердің тең жартысы жабылуы мүмкін

AstanaTV
16.06.2017ж. 20:00
4381
Қару-жарақ сататын дүкендердің тең жартысы жабылуы мүмкін

Қару-жарақ сататын дүкендердің тең жартысы жабылуы мүмкін. «Қорамсақ» қару-жарақ сатушылар қауымдастығының өкілі Сергей Катнов осылай деп отыр. Өйткені келер жылдан бастап жекелеген қару-жарақ айналымына тыйым салу заңы енеді. Жергілікті полиция өз аумақтарында орналасқан атыс қаруын саудалайтын мекемелердің орналасу тәртібін қадағалап, талапқа сай келмейтіндерін жабуға нұсқау бермекші. Яғни тұрғын үйлер, қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары мен денсаулық сақтау мекемелерінің астыңғы қабатында орналасқан дүкендер жабылуы тиіс. Мұндай өзгерістерді заңмен бекіту өткен жылы Ақтөбе, Алматы қалаларында болған терактілерден соң қолға алынған еді.

Бірақ «Қорамсақ» қару-жарақ сатушылар қауымдастығының өкілі Сергей Катнов Парламент қабылдаған өзгертулер мен толықтырулардың біршама қатаң екенін айтып отыр. Қазір елде 113 қару сату дүкені тіркелген.  Қауымдастық оларды түгендей келе, 42 сауда орнының жоғарыдағы талаптарға сай еместігін алын ала анықтап қойыпты. 

Сергей Катнов, «Қорамсақ» қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті:

Бірақ жаңа орын тауып, оны сатып алу немесе жалға алуға бәрінің бірдей шамасы келе бермейді. Егер заңмен қысатын болса, Қазақстандағы мұндай дүкендердің 30-50 пайызына дейін жабылу қаупі бар. Яғни қазір нақты жұмыс жасап тұрған 103 дүкеннің 50-60-ы жұмысын тоқтатады. Олар аңшылық және балық аулауға қажетті аксессуарларды саудалау үшін ғана қала алады. 

Кейбір сарапшылар заң қатаңдатылса, сатылмай қалған суық қарулар көлеңкелі айналымға кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Материалды сенбі 20:00 «Біздің уақыт» бағдарламасынан көре аласыздар.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ