Әскерден баласын алып қаламын деп 550 мың теңгесінен айырылып қалған азаматтың ісі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша Н.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, сотталушы Н. жәбірленуші С.-ның сеніміне кіріп, таныстары арқылы оның баласын әскерден алып қалуға көмектесемін деген желеумен 550 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, жеке бас пайдасына жаратқан.
Алайда, жәбірленуші С. сотқа жазбаша арыз беріп, қазіргі таңда сотталушымен өзара татуласқанын, қояр талап-тілегі жоқ екенін, келтірілген залал толық қайтарылғанын, кешірім беретінін, қылмыстық істі тоқтатып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес бұл қылмыстық әрекет онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.
Қылмыстық кодексттің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады. Сотталушы Н. ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енбеген, - делінген Арал аудандық сотының жазсында.