$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Ақтөбенің Ойыл ауданына инженерлік саперлік бригада келді

18.03.2025ж. 20:00
81
Ақтөбенің Ойыл ауданына инженерлік саперлік бригада келді

Ақтөбеде көпірлер мен автожолды су шайып, бірнеше ауылмен қатынас үзілді. Қобда, Мұғалжар, Темір аудандарының кейбір елдімекендерімен көлік қозғалысына шектеу қойылған.  Алматы облысынан әскерилер, Қызылорда облысынан құтқарушылар көмекке келді.  Құтқарушылар Ырғыз ауданына кезекшілікке қойылған.   Сарбаздар Хромтау және Қобда аудандарына жөнелтілді.  

НҰРЖАУ ТҰРҒАМБЕКОВ, ОЙЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда су басқан алаңның бормен, топырақпен төсеу жұмыстары аяқталды. Бүгіннен бастап сол жаңағы құрылыстың үш пролетына балкалар қойылып жол қатынасы қамтамасыз етілетін болады. Бүгінгі таңда Құбасай ауылы, Қарой ауылы, Ақшатау , сосын Қарасу ауылдарында жол қатынасының автомобиль жолдарын су басып, жол қатынасы үзілген болатын. Бірақ ауылдардың қазіргі жағдайда ахуалы тұрақты. Азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.


Темір ауданы аумағындағы Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасындағы жолдың бір бөлігін су шайған еді. Су деңейі түскен соң топырақ төселіп, көлік қатынасы қалпына келтірілді. Бірақ Мұғалжар ауданындағы көпірді су басып,  үстінен өтетін республикалық автотрасса жабылды.

ДАРХАН ЕРМАҒАМБЕТОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазіргі таңда Қазавтожол мекемесімен барлық материалдарды, инертті материалдар дайын тұр. Құбырлары дайын тұр.  Су деңгейі түскен бойда қалпына келтіріледі. Техникалар бәрі күзетшілікте тұр.