Жамбылда жекеменшік балабақша тәрбиеленушілері жаппай аурухана түсіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін Меркі аудандық ауруханасына 10 бала жеткізілсе, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Жауаптылар ауыр хәлде түскен бүлдіршіндер ас-судан емес жұқпалы ішек инфекциясынан болуы мүмкін деп болжайды. Ал мектепке дейінгі мекеме екі тәулікке өз жұмысын тоқтатқан. Қазір балабақшаға барған барлық бала тексеріліп жатыр.
14 наурызда Меркі ауданы Ойтал округінде балабақшадан келген бүлдіршіннің іші ауырып, қызуы қатты көтеріліп ауруханаға келіп түседі. Артынша үш күннің ішінде «Нұрай» жекеменшік балабақшасының тағы тоғыз тәрбиеленушісі жеткізілген.
БЛИЦ:
- Бірінші күні келіп іші өтті. Жай ғана инфекция деп ойлады үйдегілер. Екінші күні уже ентережермино дәрілерін бердік, паносы тоқтамағанан кейін судорга беріп бастады. Одан кейін больницаға алып келдік. Қазір жатыр.
Бірінен соң бірі ауруханаға жеткізілген бүлдіршіндердің қазіргі жағдайы тұрақты. Тек бір тәрбиленуші ғана жансатау бөлімінде жатыр екен. Себебі, қызуы көтеріліп қайта-қайта талмасы ұстап жатқан көрінеді. Облыс орталығынан арнайы дәрігерлерде санавиациямен жедел жетіпті. Барлығы бақылауға алынған
АНЕЛЯ МҰХАЕВА, МЕРКІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Осы он бала түскен шағымдары іші өту, құсу және дене температурасы 37-39 дейін көтерілу. Біз қазір предворительно острый кешечный инфекция қойып отырмыз. Қауіп жоқ, тұрақты ем қабылдап отыр.
Бір балабақшадан топ тобымен ауруханаға түсіп жатқанын естіген аймақ атқамінерлері арнайы жұмысшы топ құрып, тексерісті бастап кеткен. Мектепке дейінгі мекеме өз жұмысын тоқтатыпты. Осы іс бойынша құзырлылар тазалық талаптарын сақтамағаны үшін 304 бабпен қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кектен.
МЕЙІРХАН ӨМІРБЕКОВ, МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Аудан әкімінің арнайы үкіміменен жұмысшы топ құрылды. Тек қана ауырған балалардың отбасын ғана емес балбақшадағы баларлардың әрінің ата анасымен байланыс жасадық. Қазірге дейін 87 үйді аралап біткен. Барлығы көшеде балалардың үйін аралап балабақшадағы балалардың жағдайын тексеріп жатырмыз. СЭСтің мамандары келіп толық анализдерін алды.
Жауаптылар жаппай ауруханаға түскен бүлдіршіндер астан болмаса бір нәрседен уланды деп айталмаймыз дейді. Себебі, бүгін мектеп оқушылары осындай жағдаймен аудандық ауруханаға түскен.