$500.32 €545.3 ₽6
×

"Жыл басынан бері 10-нан астам резонанстық мәселе шешімін тапқан", - «АМАNAT» партиясы

19.03.2025ж. 20:00
44
"Жыл басынан бері 10-нан астам резонанстық мәселе шешімін тапқан", - «АМАNAT» партиясы

«АМАNAT» партиясы партиялық бақылау комитеті жыл басынан бері 10-нан астам резонанстық мәселеге араласып, шешілуіне атсалысты. Екі рет көшпелі отырыс өткізіп, 50-ден астам ұсынысты қабылдады. Тұралап қалған тағы қандай мәселелерді шешуге түрткі болды? Тілшіміз тарқатады.

Павлодарда  Кемеңгер ауылындағы спорт кешенінің құрылысы бітер емес. Бұған мердігердің жұмысты орта жолдан тастап кетуі себеп болған. Құрылысты аяқтау үшін жергілікті атқарушы орган қайтадан конкурс жариялауға мәжбүр болды. Ал жауапсыз мердігерден  құрылысқа бөлінген 100 млн. теңгеден астам қаражат сот шешімімен қайтарылып алынды. Қазір нысанда құрылыс жұмыстары қарқын алды.  Себебі нысан «AMANAT» партиясының жіті бақылауына алынған.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа ұтып алған компания құрылы жұмыстарына кірісті. Аудан басшылығының айтуы бойынша, осы жылы 2025 жылы құрылыс аяқталып, халық игілігіне берілуі керек. Біз «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы жалпы жол картасы бойынша салынып жатқан нысандарды үнемі қадағалауымызда ұстаймыз. Осы қадағалаудың арақасында спорт кешенінің құрылысы қайтадан жанданды. Соңына дейін өз қадағалауымызда ұстайтын боламыз.


"AMANAT" партиясының мониторингтік тобы Батыс Қазақстан облысындағы 35 колледжге де тексеру жүргізіп, көп кемшілікті анықтаған.

ЖАНАР ЖҰМАҒАЗИЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Мониторинг топ колледждерді зерделеу бойынша оннан астам ұсынба ұсынып отыр. Сол ұсынбалардың ішінде біреуі осы ескертпелерді жою мақсатында білім басқармасына Жол картаны дайындауды ұсынып отыр.


Ал Алматыдағы жекеге өтіп кеткен  №1 қалалық клиникалық ауруханасы әкімдік балансына қайтарылды. Ол туралы депутат Константин Авершин өзінің депутаттық сауалында көтерді.  Партиялық бақылау комиссиясы осы іске байланысты арнайы комиссия құрды.

КОНСТАНТИН АВЕРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бізге аталған мекеме қызметкерлері үндеу жолдап хабарласқан еді. Мәселенің әлеуметтік маңыздылығы жедел түрде жауап беруді талап етті. Біз оны тексерген кезде ауруханадағы жағдай біз ойлағаннан да қиын екенін көрдік.


Айта кетейік, комитет партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуымен  жол картасы бойынша белгіленген жоспарларды үнемі бақылауда ұстайды.  

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партиялық бақылау комитеті республикадан бастап ауылға дейінгі кез-келген  мәселеде белсенді. Әкімдік болсын, мәслихат болсын тіпті кәсіпкерлік болсын кез-келген жауапты тұлға әрбір ісі үшін жауап береді. Әсіресе халық арасында резонансқа ұшыраған мәселелерде комитет жұмысын күшейтеді. Су тасқыны, орман өрті, әртүрлі жағдайларда өңірлерде біздің бақылау комитеті комиссия құру арқылы іс соңына жеткенше өз бақылауында ұстайды.


Партиялық бақылау комитеті Алматы қаласында екі рет көшпелі отырыс өткізді. Нәтижесінде мәселелерді дер кезінде шеше алмаған партияның 13 мүшесіне сөгіс жарияланған. Жыл ішінде тағы үш көшпелі отырыс өткізу жоспарланып отыр.