$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Нұрсұлтан Назарбаев электронды валюта енгізуді ұсынды

AstanaTV
16.06.2017ж. 20:00
2605
Нұрсұлтан Назарбаев электронды валюта енгізуді ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев электронды валюта енгізуді ұсынды. Астана экономикалық форумы аясында өткен панелдік сессияда Президент әлемдік қауымдастықты криптовалюта шығаруға шақырды. Мұндай қадам нарықтағы құбылмалы ахуалды реттеуге, валютааралық "соғыстарды" жоюға, кейбір ақша бірліктерінің үстемдігін азайтуға сеп болады. Бұл ретте мемлекеттердің орталық банктері бірлесіп, ақылдасуы керек дейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Валюта должна иметь простой транспарентный механизм эмиссии, подвластный её потребителю. Такая расчётная единица может быть создана в виде криптовалюты. Важно, чтобы она базировалась не на абстрактном доверии, а на обеспечении конкретными активами, чтобы эта валюта была демократичной, то есть принималась с участием потребителей со всего мира.

Сондай-ақ, Президент жалпы ішкі өнімді есептеудің жаңа әдісін енгізуді ұсынды. Қазіргі тәсіл экономикалық ахуалды шынайы бағалай алмайды, елдегі өмір сүру сапасы мен халықтың табысы туралы көрсеткіштер ескерілмейді , -дейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Традиционный ВВП создает ложное восприятие об экономическом процветании. Считаю, что на базе "зеленого ВВП" и таких индексов, как индекс человеческого развития, индекс лучшей жизни ОЭСР, мировое сообщество может принять обновленную методику расчета ВВП.