$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Қолөнерші тілшіге тақия сыйлады

21.03.2025ж. 17:00
161
Қолөнерші тілшіге тақия сыйлады

Наурыз мейрамы бас қаланың 30-ға жуық жерінде тойланып жатыр. Қазақ елі, Бәйтерек монументі, орталық алаң, елорда саябағы мен EXPO аумағында эстрада жұлдыздары өнер көрсетуде. Салт-дәстүр насихатталып, ұлттық ойындар ұлықталған жиында әріптестерім де жүр. Дәл қазір Бәйтерек монументінен Аружан Задабек тікелей байланысқа шықпақ. Аружан, көңіл күй қалай? Наурыз көжеден дәм таттың ба?

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Қайырлы күн, Қасымхан! Сенің дәл осыны сұрайтыныңды біліп, қазір ғана наурыз көжеден дәм таттым. Дәмі өте керемет! Міне, мен дәл қазір Бұрын күнделіктін сыртында тұратын, арман болған "Бәйтерек" монументінің алдында тұрмын. Мұнда халықтың қарасы қалың. Түрлі ойындар ұйымадастырылған. Міне, қазір концерт те болып жатыр. Халықтыі, көрерменнің ерекше ықыласын байқауға болады. Наурыз құтты болсын! Қандай тілегіңіз бар айтатын?


БЛИЦ:

- Қазақ халқым, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа құт, береке алып келсін. Қазағым жасасын! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
- Жер жаңарып, жер көгеріп, өте керемет көңіл күйде тұрмыз қазір. Барлық қазақ халқын құттықтаймыз! Наурыз мерекесі құтты болсын!


АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Жақсы, рақмет! Міне, көрермендердің көңіл-күйі ерекше екенін байқауға болады. Дәл қазір мына сұлу қыз көзіме түсіп тұр. Сәлеметсіз бе! Басыңыздағы тақияңыз өте әдемі. Қайдан алдыңыз?


Сәлеметсіз бе! Біз өзіміз қолөнермен айналысамыз. Бұл біздің дәстүрді көрсету мақсатында болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында қолға алынған бизнес болып табылады.
- Керемет! Сізге өте жарасып тұр.
- Рақмет! Наурыз айында мұны сыйлық ретінде сізге сыйға тартамын. Әдемі әшекей-бұйымдар әдемі қыздардың басында болуы керек. Көңіл-күй сыйлау мақсатында.


АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Рақмет көпкөп! Міне, наурыз айы - бір-бірімізге сый сыйлайтын мереке. Әрине, мұндай сыйлықты күтпедім. Бірақ өте қуаныштымын! Мұндай шаралар кешке дейін жалғасады. Бас-аяғы 200-ге жуық іс-шара өтеді деп жоспарланған. Сондықтан үйде болсаңыз сіз де келіңіз. Бірге наурыз тойлайық!


Ал, Қасымхан, сіздерде көңіл-күй қалай? Редакция жұмыста отырып, наурызды қалай тойлап жатсыздар?

Рақмет, Аружан! Біздің де көңіл-күйіміз тамаша! Әріптестерім көтеріңкі көңіл-күймен тыңбай еңбектенуде.