Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Нұротандықтар зейнеткердің көзіне ота жасауға көмектесті

AstanaTV
19.06.2017ж. 20:00
2791
Нұротандықтар зейнеткердің көзіне ота жасауға көмектесті

Ал шығысқазақстандық зейнеткер Тамара Барсукованың жанары күрделі отадан соң толық қалпына келді. Көзінің көруі нашарлаған қарияға "Нұр Отан" партиясы көмекке келді. Ол қазір бұрынғы алаңсыз өміріне қайта оралған. Дәрігерлер енді аз уақыт кешіккенде мүлде көрмей қалуы мүмкін екенін айтуда. Мұндай күрделі операцияға қажетті 200 мың теңгені ІІІ топтағы мүгедектің қалтасы көтермеген.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына көмек сұрап келген жанға партия өкілдері бей-жай қарамады. Көз микрохирургиясы орталығының директоры, қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Зарина Камасованың ат салысуын сұрады. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы мен жергілікті офтальмологиялық орталық осыған дейін де талай шарапатты істі біріге атқарған.

Тамара Барсукова:

Амалым болмағасын, «Нұр Отанға» келдім. Операция шұғыл түрде жасалды. Көзімді қайта ашқан абзал жандарға ризамын. Партия көмектеспесе, соқыр болып қалар ма едім?

Зарина Камасова, ШҚО көз микрохирургиясы орталығының директоры:

Кезекке тұрып күтуді қарияның жағдайы көтермейтін еді. Сондықтан кепілдендірілген медициналық көмекке қатысты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қабылдадық. Жағдай қиын болса да, тәуекел еттік. Абырой болғанда, операция сәтті өтті.