Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Жалған терроризм» үшін істі болған мұғалім кінәсіздігін бостандықта дәлелдемекші

AstanaTV
19.06.2017ж. 20:00
3168
«Жалған терроризм» үшін істі болған мұғалім кінәсіздігін бостандықта дәлелдемекші

«Жалған терроризм» үшін істі болған қарағандылық мұғалім Юрий Пак өзінің шын мәнінде кінәсіз екенін бостандықта жүріп дәлелдемек. Ол мәскеулік сарапшыларға жіберген дауыс аудиожазбасының қорытындысын күтіп отыр. Нәтижені ала сала Жоғарғы сотқа шағымданып, өзін ақтауға кіріспек. Бұл туралы Юрий Пак «Астана» телеарнасының тілшілеріне берген сұқбатында мәлімдеді.

Юрий Пак:

Формальды түрде кінәмді мойындағаным рас. Бірақ, бұл менің қалауыммен жасалған әрекет емес. Өзімнің кінәлі екенімді білгендіктен, осылай еттім дей алмаймын. Тезірек бостандыққа шығу үшін жасадым мұны, кінәлі емеспін. Оны дәлелдейтін айғақтар өте көп. 

Юрий Пак сот шешіміне сәйкес, 170 742 теңге айыппұл төлеп, абақтыдан біржола босаған еді. Жазасының жеңілдеуіне сотталушының кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінуі себеп болыпты. Алайда, қорғаушының пікірінше, бұл әрекеттің процессуалдық күші жоқ. Сондықтан ол бостандыққа шыққан азаматтың өзін-өзі ақтауына еш кедергі келтірмейді.

Еске салсақ, қарағандылық мұғалім Юрий Пак өткен жылы қарашада «Террористік акт туралы көрінеу хабарлау» бабымен айыпталып, екі жылға сотталған. 2015 жылы сәуірде 102 нөміріне оның ұялы телефонынан "орталық әмбебап дүкенге бомба қойылды" деген хабарлама түседі. Тергеу барысында алматылық сарапшылар аудиожазбаның сотталушыға тиесілі екенін анықтаған. Алайда, кейін ресейлік сарапшылардың қорытындысы басқаша болып шыққан.