Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Халықаралық «Астана» театр фестивалі бастау алды

AstanaTV
19.06.2017ж. 20:00
2500
Халықаралық  «Астана» театр фестивалі бастау алды

Асанәлі Әшімов 80 жаста. Атақты өнер майталманының мерейтойына орай тұңғыш рет,  халықаралық «Астана» театр фестивалі бастау алды. Бұл шара «ЭКСПО» көрмесі аясында өткізіліп отыр. Мерейтойлық шараға Ресей, Әзірбайжан, Грузия мен Франциядан танымал театр саңлақтары келген. 10 күнге жалғасатын фестиваль аясында қазақ көрермендері әлемге белгілі өнерпаздардың қойылымын тамашалай алады.

Ал 26 маусымға дейін кино апталығы өтеді деп жоспарланған. Өнер алыбының тойына келген көрермендер Асанәлі Әшімовпен жүз бе жүз кездесіп, қолын алып құттықтап жатты. Сондай-ақ театр және кино майталманының атына ашылған көрмені тамашалауға мүмкіндік алды.

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек ері, КСРО және Қазақстан халық артисі:

Сүйікті көрерменіммен мен тығыз байланыстамын. Осының бәрі сол көрермендерім үшін. Көрерменіме ұнауым керек, көрерменге жағуым керек. Солардың ойын тауып, ойынан шығуым керек. 

Кішкентай бала кезімізде мен қазақтың киносы қыз Жібекте Бекежанның рөлін сомдаған кезде қатыгез рөлінде жақсы көрмейтінбіз. Өсе келе, жасымыздың ұлғаюына байланысты, осы кісінің өнеріне табынам да. Өте керемет. Жасына жас қосыла берсін.