Астанада
«Өгей жүрек» кітабының тұсаукесері өтті. Жинақтың авторы - Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжанова. Үш хикаят пен бірнеше әңгімеден
тұратын еңбек осыған дейін қазақ тілінде жарық көрген. Енді орыс тіліне
аударылып отыр.
Бұл еңбектің тарихи маңыздылығы жоғары. Себебі «Өгей
жүрек» хикаяты Қазақстан медицинасының заманауи жетістіктерінен сыр шертеді.
Еліміздегі жүрек алмастыру үдерісінің басталуынан қазіргі кезеңге дейінгі
оқиғаларды қамтыған. Кітапта өзге адамның жүрегіне ие болған Жәнібектің жан
толғанысы мен жаңа өмірі жайында айтылады. Жинақты орыс тіліне аударған жазушы
Ғосман Төлеғұл: "Бұл күрделі әрі таным көкжиегін кеңейтетін жұмыс
болды",- дейді.
Ғосман Төлеғұл, жазушы-аудармашы:
Сәулежан звондаған уақытта қазақстандық
медицина дәрежесін әлемдік деңгейге шығарған Юрий Пя туралы дүние жазып едім.
Аға, соны орысшаға аударсақ, қалай болады дегенде, әрине, дедім. Кітапты
насихаттауға неге үлес қоспасқа? Кірісіп кеттік. Тілі де жатық екен. Көп болса, үш айдың ішінде кітапты аударып шықтық.
Айбек ҚОСАН